Тәртіп сақшылары ресейлік нөмірлері бар көліктерге тексерісті күшейтті. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.
“Жыл басынан бері заң бұзған көлік жүргізушілері 15 миллион теңге айыппұл төлеген. Бүгінде ресейлік нөмірлері бар көліктерге тексеріс күшейді. “Борышкер” операциясы барысында осындай мыңдаған көлік “Автоураган” жүйесіне енгізілді. Енді бұл көліктердің иелері іздестіріліп, айып тұрағына жеткізіледі”, — делінген ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қостанай облысы полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Серік Әбдіхалықовтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушыларды тұрғылықты жері бойынша іздестіруде. Сондай-ақ борышкерлер жол-техникалық және тіркеу-емтихан қызметіне қатысты қандай да бір операцияларды жүргізу кезінде тексеріледі.