Шымкентте шомылу науқаны басталды

0
163
Суда шомылу. Сурет: The Dubrovnik Times.

Шымкентте күн ысып, халық өзен-көлге шомылуды бастап кетті. Осы уақыттарда су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы қыза түседі. Бұл туралы қалалық ТЖД өкілдері хабарлады.

“Бақылау жасалмайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, ересектердің қарауынсыз балалардың суға түсуінің соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтырады», – дейді ТЖД қызметкерлері.

Мамандарының мәліметінше, биыл 4 айда қала аумағында суларда жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Ал, өткен жылы осы уақытта Шымкентте 1 жас бала суға батып кеткен болатын. Жалпы Шымшаһарда 4 өзен-көл мен 4 су қоймасы, сондай-ақ 5 тоған бар.

“Ал жазғы маусымда тынығатын 22 демалыс орнында аквасаябақтар да жетерлік. Олардың барлығына бақылау күшейтіледі”, – дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Ерғали Бахаев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:   

– Қаламызды екі үлкен өзен қақ жарып өтеді. Дегенмен біз басқа облыстармен мұны салыстыра алмаймыз. Қарапайым ғана шомылу ережелерін сақтаса, ешқандай қайғылы оқиғаға бармайды. Қарапайым деп айтқаным, біріншіден, нақты белгіленген жерде шомылу керек. Егер белгіленбеген жерде шомылса, лайға, басқаға батып кетуі мүмкін. Сосын ересектерге айтарым, жас балаларды қараусыз қалдырмауы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз