“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады, деп хабарлайды kazaknews.kz.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде нормадан асады, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батыста норма шамасында болжанады.
Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск теңіздер аудандарынан келген циклонмен байланысты атмосфералық фронттар жылжып, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашын түседі, солтүстік өңірде бұрқасын жүреді деп болжанады, оңтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін.
ҚР облыстарының басым бөлігінде көктайғақ болады, желдің екпіні 18-25 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Наурыз айының басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0,-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылау ықтималдылығы болжанады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклон әсерінен ауа температурасы түнде -5-12°С, күндіз 0,-8°С-қа дейін аздап төмендейді деп болжанады. 3-4 наурызда республикамыздың қалған аумағында ауа температурасының төмендеуі мүмкін:
– солтүстік жартысында түнде -10-18°С, күндіз -3-10°С-қа дейін;
– оңтүстік жартысында түнде 0,-8°С, күндіз +5+13°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұл Батыс және Оңтүстік Каспий циклондарының төбе көрсетуімен байланысты болады: жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі. Солтүстік жартысында күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік жартысында +17+22°С дейін сынап бағаны жоғарылайды деп болжанады. Ауа температурасының қайта төмендеуі Батыс антициклонға байланысты алғашқы онкүндіктің соңында болжанады.
Екінші онкүндіктің басында ҚР басым бөлігінде Иран аудандарынан жылы ауа массалары жылжып келіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды.