15 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен жаңадан құрылған Ұлытау облысына барды.
Президентті Жезқазған қаласындағы әуежайдан Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек күтіп алды.
Ақорда баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, президент Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.
Түстен кейін президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.