Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты

0
249
Жаңаөзеннің жаңа әкімі Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров.

Жаңаөзен қаласының басшысы қызметіне Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров тағайындалды.

Бұған дейін ол “Өзенмұнайгаз” АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Мақсат Оңғарбайұлы 1970 жылы 7 сәуірде Түрікменстан Республикасы Ташауз облысында дүниеге келген.

  • 2010-2013 жылдары №2 мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы;
  • 2012 жылдан бастап Маңғыстау облыстық Мәслихат депутаты (5 шақырылым);
  • 2013 -2016 жж – “Өзенмұнайгаз” АҚ, бас директоры;
  • 2016-2017 жж. – “Қазмұнайгаз” РМК, басқарушы директоры;
  • 2017 ж. – қазіргі уақытқа дейін – “Өзенмұнайгаз” АҚ Бас директорының көлік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, кеше Жаңаөзенде 500-ге жуық адам Қазақстанда 55 қытай зауытының салынуына қарсылықтарын білдіріп наразылық шарасын өткізген болатын.

Оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов келіп, тұрғындармен кездесті.

Өңір басшысы қала тұрғындарын Қазақстанда қытайлық кәсіпорындар салынбайды деп сендірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз