Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай жыр додасы өтті

0
281

23 ақпанда Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай “Өлең сөздің даңғылы – бар қазақтың Жамбылы” жыр додасын ұйымдастырды. Бұл туралы кітапхана баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл жырау шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жыр додаға жергілікті  айтыскер ақындар Ғабит Есдәулет, Дидар Апбасов, Шапағат Әбдірұлы, ақын-журналистер Нұржан Қадірәлі, Наурызбек Сарша, Жұматай Көксубайұлы, сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Ал, аудандық кітапхана қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар ZOOM платформасы арқылы онлайн байланысқа қосылып, өз ойларын ортаға салды.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған Ғабит Есдәулет екі ғасыр жасаған абыз ақынның  өмірі мен шығармаларының тарихына терең бойлап, әлі де ашылмаған тұстарын зерттеуді жалғастыру керектігін жеткізіп, алда жоспарланған іс-шаралар  туралы ақпарат берді. Әрі қарай жиынға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың айтыстағы айтылмаған сырлары мен әлі де толық таныла қоймаған қырларына кеңінен тоқталып, одан әрі зерттеу жас ұрпақтың еншісінде екендігін тілге тиік етті.

Іс-шарада Дидар Апбасов қара домбырасын қолына алып, арнау өлеңнен шашу шашса, студенттер мен оқушылар ақын жырларын жатқа оқыды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз