3 қаңтарда мемлекет басшысының қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын”, – деп жазылған қаулыда.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталады.