11 қыркүйекте Ауғанстанда уақытша үкіметтің инаугурациясы өтеді

0
155
photo: foxnews / Талибан қозғалысының басшылары президент сарайында

11 қыркүйекте тәліптердің қарамағына өткен Ауғанстанның уақытша үкіметінің инаугурациясы өтеді. Оған Ресей, Қытай, Түркия, Катар, Иран және Пәкістан делегациялары шақырылған. Бұл туралы smotrim.ru сайты хабарлады.

Ресейлік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тәліптердің баспасөз хатшысы үкіметтің бұл құрамы уақытша екенін және оның толық атауы “Ауғанстан Ислам Әмірлігі” үкіметі деп аталатынын мәлімдеген.

7 қыркүйекте “Талибан”* министрлер кабинетінің құрамын жариялады. Олар ел премьер-министрінің міндетін атқарушы мулла Мохаммад Хасан Ахунд болатынын хабарлады.

Photo: dw.com / Мохаммад Хасан Ахунд

“Ел премьер-министрі мулла Мохаммад Хасан Ахунд, оның орынбасары – Мулла Абдул Ғани Барадар, екінші орынбасары – мулла Абдул Салам Ханафи”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыдан 20 жыл бұрын АҚШ-та 11 қыркүйек күні әлем тарихындағы ең ірі террористік шабуыл болды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер америкалық жолаушылар лайнерлерін басып алып, Нью-Йорктегі “егіздер” ғимаратына 2 ұшақ соғып, жарылған болатын. Тағы бір ұшақ Пентагон (АҚШ қорғаныс министрлігі) ғимаратынының батыс бөлігіне құлады. Төртінші лайнердің бортында болған жолаушылар террористерге қарсы тұрып, сол ұшақ Пенсильвания штатындағы ашық алаңға құлады. Осы теракт салдарынан жалпы 3 мыңға жуық адам қаза тапқан.

* Қазақстан және өзге елдерде террористік ұйым деп танылған

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз