Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік қатынайды

0
313
Photo: @kazaknews.kz

Осы жексенбіден бастап Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүретін болады. Бұған дейін тек сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген еді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады.

Қала әкімдігі қоғамдық көлікте маска режимін сақтау керектігін еске салады.

Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жолақысы тек көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз