АҚШ пен Германия Каталония тәуелсіздігін мойындамайды

0
78
ашық дереккөзден, REUTERS

АҚШ Мемлекеттік департаменті Каталонияны Испанияның ажырамас бөлігі деп санайды. Бұл туралы ведомства спикері Хизер Науэрт мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон испан үкіметінің елдің тұтастығын сақтау шараларын қолдайды деп хабарлайды Росбалт.

Испания қауіпсіздік пен экономика саласындағы біздің ортақ басымдықтарымызды дамыту үшін» АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан, деп мәлімдейді Мемлекеттік департамент өкілі.

Патшалықтың аумақтық тұтастығын қолдау мақсатында Германия Федеративтік Республикасы Министрлер Кеңесі де пікір білдірді.

Каталонияның тәуелсіздігін жариялауға қатысты мәселеге Ресей әзірше пікір білдірмеді.

Бұдан бұрын Еуропалық Кеңестің басшысы Дональд Туск Каталония парламентінің шешімі Еуроодақ үшін ештеңенін өзгертпейтінін айтқан еді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз