Күрестен әлем чемпионатын ұйымдастырушылар көрермендерге тосын сый жасады

0
66

Қазақ күресінен әлем чемпионатының ұйымдастырушылары «Барыс Аренаға» жиналған көрермендерге тосын сый жасады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақ күресінен әлем чемпионатын тамашалауға келген көрермендер арасынан күреске ниет білдірушілер арнайы тіркеуден өтіп, Қазақстанның үш дүркін чемпионымен сынға түсуге мүмкіндік ала алады.

Тіркеуден өткен үміткерлер арасынан сарапшылар ең лайықты деген 5 қатысушыны таңдап алатын болады.

Тосын сый тек күреспен аяқталып қана қоймай қазақстандық балуанға есесін жіермеген қатысушы 50 мың теңге көлемінде сыйақы алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатына әлемнің 40 елінен 167 спортшы қатысады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз