Егер БҰҰ Дамаск түбіндегі Шығыс Ғұтада қақтығысты тоқтатуға қауқарсыз болса, АҚШ Сирияға соққы жасауға әзір. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли мәлімдеді. Жоғары лауазымды елші бір жыл бұрын АҚШ Дамаск қарулы күштерінің әуе базасына әуе шабуылдарын жасағандарын ойға салды.
Елшінің сөзінше, Құрама штаттар қажет болса, әрекет етуге дайын. Хейли ақпанда Қауіпсіздік Кеңесімен мақұлданған 30 күндік гуманитарлық үзілістіңорнауына қатысты қарардың мақсатына жетпегенін атап өтті. Елшінің айтуынша, бұған жауапты Мәскеу мен Дамаск. Дегенмен, екі тарап та лаңкестікке қарсы операцияны жалғастыру қажет деген сылтаумен қарарды орындамады, деп мәлімдейді елші.
Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Шығыс Ғұтада қақтығыс салдарынан осы уақытқа дейін 1200-ге жуық бейбіт тұрғын жер құшқан.