Әбілязов қозғалысына заң бойынша тыйым салынды

0
60
дереккөзден

Бас прокуратура «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты тіркелмеген қозғалысының қызметін заңсыз деп таныды. Аталған қозғалысты (шетелде жасырынып жүруіне байланысты) Қазақстанда сырттай 20 жылдық түрме жазасы кесілген  Мұхтар Әбілязов құрған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Прокуратураның хабарлауынша, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы бейбіт наразылық акцияларына шақыру арқылы билікті басып алуды көздеген. Аталған әрекеттер «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады.

“Осыған байланысты, Бас прокуратура, «Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінді. 2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сотпен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынды”.

“Сонымен қатар бұл ұйымның әрекетін ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және бейне-хостингтер арқылы таратуға тыйым салынды. Бұдан басқа, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде”.

Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қыллмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді, деп хабарлайды.

” «Қатысу» әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар, «қатысуға» қозғалысты және оның басшысы Әбілязовті қолдауда митингілер, шерулер, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жатады. Қаржыландыру» ұғымына Әбілязов пен қозғалысқа  ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады. Соынмен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады” , – деп хабарлайды Бас прокуратура. 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз