Астанадағы ықшам ауданда өрт: зардап шеккендер бар

0
177
/Астана қ. ТЖД

Астана қаласындағы Юго-Восток ықшам ауданындағы өрт шыққан жерден әйел мен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД.

Бұдан өзге өрт салдарынан 1994 жылғы бойжеткен зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі анықталып жатыр деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД.

«13 наурыз жергілікті сағат 11.30-да «101-ге» Сырымбет 30 көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келген сәтте үш қабатты үйдің өртке оранғаны анықталды. Екінші және үшінші қабаттар толықтай отқа оранған. Бірінші қабат техникалық қызмет көрсету станциясымен жабдықталған. Екінша қабат – қосалқы, үшінші қабат – тұрғын жай болған. Кейіннен өрт шатыр арқылы жанында тұрған құрылыс ғимаратына шапқан», – деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД.

Ведомства хабарына сәйкес, екі ғимаратта орын алған өрт аумағы 300 шаршы метрді құраған.

«Өрт салдарынан техникалық қызмет көрсету станциясының ішінде тұрған Nissan Patrol автокөлігі жанып кеткен. Өртті ауыздықтау сағат 12.29-да мүмкін болды», – деп хабарлайды ТЖД.

Бүгін Астанадағы Юго-Восток ықшам ауданында техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. Аталған хабар әлеуметтік желідегі аталмыш топта жарияланды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз