АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ға қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарлайды.
Санкциялар Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламасына қарсы, сондай-ақ Пхеньянның өзге де ықтимал құқық бұзушылықтарына қарсы (ақша жылыстату, кибершабуыл, адам құқығын бұзу ) бағытталған.
Трамп КХДР ядролық қарудан бас тартатын болса, санкциялардың алынып тасталатынын жоққа шығармады.
Сафина Саид