Моңғолия ресей отынына тәуелсіз болу үшін мұнай өңдеу зауытын салады

0
155

Моңғолия 22 маусымда ресей отынына тәуелділікті төмендету үшін өзінің алғашқы мұнай өңдеу зауытының құрылысын бастады. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлайды.

Зауыттың алғашқы тасын қалаудағы салтанатты рәсімге Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух пен Үндістанның ішкі істер министрі Раджнатх Сингх қатысқан.

Құрылыс жүргізіп жатқан Mongol Refinery компаниясы Дорноговь провинциясында орналасқан мұнай өңдеуші зауыт жылына 1,5 миллион тонна (тәулігіне шамамен 300.000 баррель) мұнай өңдеуге қауқарлы дейді.

$1,35 миллиард сома көлеміндегі жобаның құрылысы 2022 жылы мәресіне жетеді. Мұнай өндіруші зауыт үшін шикізат қазір Қытайға экспортталып жатқан моңғол мұнайы болмақ.

2017 жылы Моңғолия 7,6 миллон баррель мұнай өндірген. Энергетикалық өсім реттеушісінің есебіне сәйкес, елде шикізат өндіру жақын жылдары өседі.

Жоба Моңғолияның ІЖӨ 10 пайызға өсіреді

Mongol Refinery аталған жобаны жүзеге асыру Моңғолияның ішкі жалпы өнімін 10 пайызға өсіретінін хабарлайды.

Мамырда ресейлік Роснефть Моңғолияға жалпы сомасы $2,1 миллиардты құрайтын жанармай мен дизель отынын жеткізу туралы ірі келісімшартқа қол қойды.

«Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан мұнай өнімдерін жеткізу көздерін әртараптандыру қажет», – деген Cover Mongolia басшысы Моңғолияға мұнай өнімдерін жеткізетін әзірге тек Ресей ғана екендігін алға тартты.


Моңғолияда мұнай өндіретін зауыт құру жобасы 1997 жылдан бері талқыға салынып келеді. Аталған жобаны жүзеге асыруда Моңғолияға қаржылық демеу білдірген Үндістан $1 млрд қаражат бөлген.

 

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз