Нью-Йорк штатындағы Скохари қаласында жол апаты салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып, АВС хабарлады.
Жол апаты 6 қазанда таңертең екі жолдың қиылысында орын алған. Жоғары жылдамдықпен биік жолдан төмен түсіп келе жатқан той лимузины соғылғаннан кейін, ондаған адам тұрған көлік тұрағына қарай ұшып кеткен.
АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі Ұлттық басқармасының қызметкерлері апаттың себебін анықтауға оқиға орнында тергеу істерін жүргізіп жатыр. Жаралылар тікұшақпен Олбани медициналық орталығы емханасына жеткізілді.