Көрмелер мен форумдар туризм мәселесін шешпейді – Тоқаев

0
106
дереккөзден

Көрме-презентациялар, форумдар, буклеттер туризм мәселесін шешпейді, деп мәлімдеді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Туризмді экономиканың табыс көзі мол саласына айналдыру үшін инфрақұрылымды кешендік және мазмұндық жағынан дамыту жұмыстарын жүргізу қажет. Шетел тәжірибелерінен үлгі алуға болады. Көрме-презентациялар, форумдар, буклеттер – мәселенің шешімі емес, – деп жазады Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.


5 қазан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Н. Назарбаев өз сөзінде көлік-логистика т.б салалардағы қызмет түрлерін жетілдіру қажеттігін міндеттеді.

“Сондай-ақ, көлік-логистика және басқа да қызмет салаларын дамыту қажет. Біздің мәдени және бай әлеуетімізді пайдалану үшін сыртқы және ішкі туризмді дамытуға баса мән беру қажет. Үкіметке аз уақыт аралығында өндірістік мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет”, – деді Елбасы өз жолдауында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз