АҚШ Украинаға көмек ретінде 40 млрд доллар бөлді

0
203
АҚШ Конгресі.

10 мамырда АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Украинаға әскери, экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде 40 млрд доллар көмек көрсету жөніндегі заң жобасын қолдап дауыс берді.

Көмек Джо Байден әкімшілігі сұрағаннан 7 млрд долларға көп. Конгресс Ресей Украинаға шабуыл бастағаннан бері екінші рет ірі көлемде сомада көмектесіп жатыр. Наурыз айында 13,6 млрд доллар бөлген. Жалпы 24 ақпаннан бері Америка Украинаға 50 млрд доллар көмек көрсетті.

АҚШ Конгресінің төменгі палатасында сөз сөйлеген өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ Украинаны қолдай отырып, диктатураға қарсы күреседі деді.

“Демократия жеңіске жетуі тиіс. Украина халқы өзінің және біздің демократия үшін күреседі”, – деді ол.

Көмектің 15 млрд доллары украин армиясына әскери техника сатып алуға жұмсалады. 14 млрд доллар украин босқындарына гуманитарлық көмек ретінде, 5 млрд доллар астық тапшылығын жоюға, бидай, жүгері сатып алуға жұмсалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз