АХҚО Түркияның ірі көлік-логистикалық компаниясымен келісім жасады

0
203
5 шілде елордада Астана халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты.

“Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және ірі түрік көлік-логистикалық операторы S Sistem Lojistik компаниясы түрік бизнесінің көшбасшыларымен дөңгелек үстел аясында Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы ынтымақтастық, көлік-логистикалық жобаларға инвестициялау саласында озық тәжірибемен және біліммен алмасу туралы келісім жасады.

Келісім АХҚО экожүйесін пайдалана отырып, Қазақстанда логистикалық хабтар құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

S Sistem Lojistik компаниясының Түркияның төрт ірі әуежайын (Измир, Анкара, Анталия және Стамбул) қоса алғанда, 100 000 шаршы метрден астам қойма орынжайы бар.

Жобаны іске асыру аясында ауданы 200 мың шаршы метр қойма орынжайлар мен әкімшілік ғимарат салу, көлік құралдары мен жабдықтар сатып алу жоспарланып жатыр.

Сонымен қатар, қазақстандық компаниялармен Алматы облысында логистикалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз