АҚШ vs Қытай: сауда қақтығысы ушыға түсті

0
109
дереккөзден

АҚШ пен Қытай бір-біріне қарсы сауда салықтарын аямай салып жатыр. 24 қыркүйек Астана уақытымен сағат 10.01-де жаңа сауда салықтары күшіне енді, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Қытай тауарларына қарсы 200 миллиард долларға салық салды. Қытай бұған қарымта ретінде америка экспортына 60 миллиард доллар ауқымында салық салды.

Бұған дейін қос мемлекет бір-біріне 50 миллиард доллар ауқымында салық салған еді.

Қытай АҚШ электроникасы импортында қиындық тудырды – шаңсорғыштан бастап ғаламтормен байланыс жасайтын құрылғыйларға дейін салықты аспандатты. АҚШ аспан асты елінен келетін газ импорты мен ұшақтардың бірқатар түріне салықты ұлғайтты.

Ешқандай тарап та келісімге келуге құлықты еместігі айтылады, ендігі кезектегі сауда келіссөздерінің ресми мерзімі әзірге айқын емес.

Экономистер сауда қақтығысы салдарынан жаһан экономикасының өсімі баяулайды деген болжам жасауда.


Бұған дейін АҚШ пен Қытай арасында сауда қақтығысы өршіген еді. АҚШ осы жылдың 24 қыркүйегінен бастап қытай тауарларына 200 млрд доллар көлеміне 10 пайыз салық салатындарын мәлімдеді. Қытай болса, қарымта қайтармақ ниетте екендерін жеткізіп, 24 қыркүйектен бастап Қытай АҚШ тауарларына 60 млрд доллар көлемінде салық салатындарын мәлімдеген еді. Ресми Вашингтон Бейжің келісімге келуге ниет етпесе, салық бағамы 2019 жылдың 1 қыркүйектен бастап 25%-ға өсетінін мәлім етті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін импорт тауарларына 200 млрд долларға салық салды. Салық 10 % сомасында айқындалады.

Бұған дейін АҚШ Қытайды өзара келісімге келуге шақырған еді. Қытай дереккөздерінде тараған ақпарға сәйкес, егер Трамп әкімшілігі 24 қыркүйекте қытай тауарларына салық салатын болса, Бейжің тарабы келіссөздерге келмейтіндерін алға тартты.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз