Өкілетсіз президент: Молдова басшысының өкілеттілігі тоқтатылды

0
103
дереккөзден

Молдова соты ел президенті Игорь Додонның президенттік өкілеттілігінің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Молдова конституциялық сотының өкілі Михай Поалелунжь мемлекет басшысын биліктен уақытша шеттету туралы сот шешімі шыққандығын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін елдің премьер-министрі Павел Филип  ел президенті И. Додонға екі министрдің кандидатурасын ұсынған. Денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Сильвия Раду, ауыл шаруашылық және аймақтық даму министрі лауазымына Николай Чубук ұсынылған. Додон болса, аталған кандидатураларға қарсылық танытқан.

Молдова заңына сәйкес, президент премьер-министр ұсынған кандидатураларды тек бір рет қана қабылдамауға құқылы. Аталған лауазымдар қайыра ұсынылса, президент мақұлдап, қол қоюы міндет. Егер ел басшысы екінші рет аталған лауазымдарды мақұлдап қол қоймаса, оның өкілеттілігі парламент палатасының басшысына өтеді, оның президент орнына қол қоюға құқығы бар.

Додон бұған дейін екі рет қызметінен шеттетілді. Филиптің жетекшілігімен ұсынылған министрлердің кандидатурасын ел басшысы 2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қаңтарында мақұлдамаған еді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз