Афринде бейбіт тұрғындар босып жатыр

0
98
дереккөзден

Афринді тұрғындар асығыс тастап, босуға мәжбүр: түрік бас штабы қаланың орталық бөлігінің қоршауға алынғанын және стратегиялық маңызды аймақтардың бақылауға алынғанын хабарлады. Бұл аймақта жақын күндері қақтығыстар басталуы әбден мүмкін.

Ресми Анкара таратқан ақпарға сәйкес, тұрғындардың басып алынған аймақтардан гуманитарлық дәліздер арқылы шығып кетулеріне мүмкіндіктері бар. Бірақ соңғы деректерге сәйкес, бұл оңай болмайын деп тұр, деп жазады Euronews.

Адам құқықтарын қорғау бойынша Сирия зертханасы жағдайды «қайғылы жағдайға жақын» деп отыр,  қоршауда 700 мыңға жуық бейбіт тұрғын қалған.

«Зәйтүн сабағы» операциясының ресми мақсаты – күрд жасақтарын жою, Түркия мен Сирия шекарасында буферлі аймақ құру деп мәлімделеді. Дегенмен, Дамаск Сирияның Африн аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтындарын мәлімдеді. Тіпті Анкараға қатаң ескерту де жасады. Өз кезегінде Анкара ескертулерді назарға алмастан, 20 қаңтарда Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы операцияны бастады. Шетелдік ақпарат көздері таратқан ақпарға сәйкес, аталған операциядан кейін Афринде мекен еткен күрдтердің 400 мыңнан астамы босып кеткен. 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз