Трамп ғарыш күштерін құруы мүмкін

0
73
АҒР

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттің жаңа әскери күші атап айтқанда ғарыш күштері пайда болатынын мәлімдеді.

«Менің ғарыш бойынша жаңа ұлттық стратегиям құрлықта, ауада, суда жүзеге асырылатын жауынгерлік әрекеттер ғарыш кеңістігінде де жүзеге аса алатынын мойындайды. Бізде тіпті ғарыштық күштер болуы мүмкін… Бізде әуе күштері бар, енді ғарыштық, құрлықтық және теңіз күштері болады»,

– деп мәлімдеді Трамп Калифорнияда сөйлеген сөзінде.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Трамп бастапқыда бұл идеяны шынайы қабылдамағанын бірақ кейіннен таптырмас ой екенін айтқан.

«Мүмкін, бізге мұны жасауға тура келеді. Бұл жүзеге асуы мүмкін»,

– дейді Трамп идеясы турасында.

Атап өтерлігі, АҚШ өзге де бірқатар мемлекеттер сияқты әр түрлі ғарыш әскери жүйелерін дамытуда. Әскери спутниктер (болжамды түрде) мен спутниктерге қарсы әскери әлеуетінен өзге АҚШ-та ұшуы өте құпия сақталатын ұшқышсыз ғарыш ұшақтары да бар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз