Африндегі операцияларда 41 түрік жауынгері қаза тапты

0
126
дереккөзден

Түркия қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Африндегі әскери операция салдарынан 41 түрік жауынгері мен 116 Сирия еркін әскері құрамындағы әскерилердің қаза тапқанын мәлімдеді.

МК Turkey таратқан ақпарға сәйкес, Лондондағы адам құқықтары бойынша сириялық зерттеу орталығы бейсенбіде Афринде 43 түрік жауынгері мен Сирия еркін әскерінен 241 жауынгердің қаза тапқанын хабарлады. Зерттеу орталығы мәліметіне сәйкес, операция барысында күрд Халық қорғаныс күштері және онымен байланысы бар бірнеше топтардың 270 мүшесі өлтірілген.

Еске салсақ,20 қаңтарда Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастайтынын мәлімдеді. Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарабының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз