Елбасы Әзербайжан президентіне көңіл айтты

0
64
АРА

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Баку қаласындағы өрт салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Бакуде республикалық наркология орталығы ғимаратында болған өрт салдарынан, Бас прокуратура мен полиция таратқан ақпарға сәйкес, шамамен 24 адам қаза тапқан. Бұған дейін жергілікті АРА агенттігі елдің денсаулық министрлігіне сілтеме жасай отырып шамамен 30 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Үш адам түтіннен уланған, олардың қазіргі жағдайы қалыпты деп хабарланады. АРА таратқан ақпарға сәйкес, шамамен 30 науқас жанып жатқан ғимараттан аман-сау шығарылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз