Америкалық DISH Network спутниктік теледидар компаниясына қолданыстан шыққан EchoStar-7 спутнигінен құтыла алмағаны үшін 150 мың доллар айыппұл салынған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Федералды байланыс комиссиясы (FCC) мұндай жазаны алғаш рет қолдануда.
«Бұл FCC-тің ғарыш қоқыстарына қатысты шешімі — өте маңызды ережелерді сақтау үшін күшті құқық қорғау барын анық көрсететін серпінді шешім», – делінген Федералды байланыс комиссиясы (FCC) мәлімдемесінде.
2012 жылы, FCC мәліметтері бойынша, Колорадо штатында орналасқан Dish компаниясы EchoStar-7-ні сол кездегі орбитасынан жоғары көтеруге уәде берген, бірақ аппаратқа отын жеткілікті болмай қалды.
Еуропалық ғарыш агенттігінің бағалауы бойынша, жер орбитасында ұзындығы сантиметрден асатын миллионға жуық қоқыс жиналған.