Жол апатын азайту үшін қандай шара қабылданып жатқаны белгілі болды

0
103
Photo: kz.qaj.kz

Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін Қазақстанда 4 жолақты жолдарды көбірек салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері тақырыбында өткен Үкіметтің кезекті отырысында көлік министрінің м.а. Талғат Ластаев, Қазақстанда көілктердің қарама-қарсы соқтығысуын болдырмау үшін республикалық маңызы бар 3 мың шақырым жол I техникалық санатқа ауыстырылып, бөлу жолақтары мен тосқауылдары орнатылғанын хабарлады.

«Алдағы уақытта қозғалыс қарқындылығына қарамастан қалалар арасында 4 жолақты қозғалысы бар 4 мың шақырымнан астам республикалық автожол салу жоспарланған. Бұл «Жезқазған-Қарағанды», «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Қызылорда», – деді министрдің міндетін атқарушы.

Бұдан бөлек, енді Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын талдаумен айналысатын ведомствоаралық топ құру жоспарланған.

Т.Ластаевтың айтуынша, кейінгі жылдары республика автожолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде 5 мың шаршы метрден астам шу жолақтары, 450-ге жуық жарықдиодты белгі және кедергілерге соғылудан қорғайтын 500 жол буфері орнатылған.

Жануарларға байланысты орын алатын көлік апаттарын азайту үшін 1,5 мың шақырымға жуық қоршау орнатылған. Жаяу жүргіншілерді елді мекендер маңындағы соққылардан қорғау үшін 52 айналма жол салынып, жаяу жүргіншілерге арналған 32 жер үсті көпірі салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз