Балық арқылы ауруға ұшырағандардың саны артуда

0
204

Қазақстанның батысында «описторхоз» ауруын жұқтырғандар саны артып жатыр. Бұл ауруды тұрғындар өзенде болатын тұқы балығы (карп) арқылы жұқтырған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Информбюро сайтына сілтеме жасап.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жыл басынан бері «описторхоз» ауруының 113 жағдайы тіркелген.

Описторхоз – бұл балық арқылы берілетін паразиттік ауру. Ауруды жұқтырудың ықтимал себебі, жеке гигиена мен өнімді термиялық өңдеу ережелерін сақтамаған белгісіз сауда орындарында балық сатып алу болып табылады.

Описторхоздың негізгі белгілері:

  • бет пен денеде бөртпе;
  • дене температурасының 37-38 градусқа дейін көтеріліп, төрт аптаға дейін созылуы;
  • екі аптаға дейін созылатын бас аурулары;
  • ұйқы бұзылуы, әлсіздік, тершеңдік және тәбеттің төмендеуі;
  • бұлшықеттерде ауырсыну;
  • аллергиялық реакциялар.

Егер ауруды уақытылы толықтай емдемесе, бұл бауыр абсцессіне, өт қабынуына және жүрек ауруларына әкелуі мүмкін.

Мұндай келеңсіздікке ұшырамас үшін, санитарлық дәрігерлер ұсынысы:

  • тұқы тұқымдасының шикі, тұзды емес, нашар кептірілген балықтарын жеуге болмайды;
  • шикі балықты кесу кезінде немесе одан кейін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз;
  • балықты 2-3 апта бойы күшті маринадта тұздаңыз;
  • балықты кем дегенде 20 минут қуырыңыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз