Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп шұғыл түрде Сириядан әскерін шығарудан бас тартқанын мәлімдеді. Вашингтон Сириядағы ДАИШ лаңкестік ұйымына қарсы күресті соңына дейін жеткізбек ниетте.
Бұл туралы korrespondent.net хабарлайды.
Дональд Трамп: «АҚШ әскерінің Сириядан жуық арада шыққанын қалаймыз. Дегенмен, ДАИШ террористік тобын жеңу үшін Вашингтон әскері тағы біраз уақыт Сирияда қалуға мәжбүр болады», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше мәрте Сириядан Америка әскерін шығаратынын жариялаған болатын.