Ыстамбұлда аурухана өртке оранды

0
118

Ыстамбұлдың Таксим ауданындағы салынып бітпеген ауруханада қатты өрт болды. Емделушілер мен қызметкерлер көшіріліп, аурухана ғимараты эвакуацияланды. Тілсіз жау салдарынан аудан маңындағы көлік қозғалыстары тоқтатылды.

Тілсіз жау аурухананың бірнеше қабатына дейін шарпыды. Ауруханамен қоса жақын маңдағы ғимараттар да босатылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрттен ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру қызметі бақылау жүргізуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз