Қала салу жөніндегі шешімді дұрыс қабылдадық – Н. Назарбаев

0
118

Астананың елдің және экономиканың жекелеген секторларын одан әрі өркендету жолындағы маңызды рөліне тоқталған мемлекет басшысы елорда құрылысына жұмсалған барлық қаражаттың қайтарымы болды, деп атап өтті 5 сәуір елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес барысында.

Ақорда

«Қала салу жөніндегі шешімді дұрыс қабылдадық» деген мемлекет басшысы Астана экономиканы әрі қарай дамыту, халық санын көбейту, ғылым, техника және инновация салаларын ілгерілету ісіне тың серпін бергенін алға тартты.

Кеңес барысында Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев қаланың инфрақұрылымын дамыту және трансформациялау, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды салуға қатысты жобалардың іске асырылуы жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, Астана әкімі денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу, тұрғын үй нысандарын салу, әлеуметтік жобаларды іске асыру, жаңа энергетикалық моделді енгізу, сондай-ақ қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу барысын баяндады.

Өз кезегінде мемлекет басшысы есепті тыңдап, тартылған инвестиция көлеміне, шағын және орта бизнестің өркендеуіне қатысты қол жеткізілген бірқатар экономикалық көрсеткіштерге баға берді.

«Астана – еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Тұрғындарының саны 1 миллионнан асты. Халық санының өсуімен қатар тұрғын үй құрылысы да жанданып келеді. 20 жыл ішінде 20 миллион шаршы метр тұрғын үй, 53 жаңа мектеп және 26 аурухана пайдалануға берілді»,- деп атап өтті Н. Назарбаев.

Атап өтерлігі, 5 сәуірде Қазақстан президенті елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз