АҚШ-тың санкциялары Қытай-Ресей қатынасына әсер етпейді

0
215
дереккөзден

Сыртқы сауда факторлары Ресей мен Қытайдың ынтымақтастығына ықпал етпейді. Бұл туралы бейсенбіде Қытайдың коммерция министрлігінің ресми өкілі Гао Фэн Ресеймен ынтымақтасыққа АҚШ санкцияларының ықтимал теріс әсеріне қатысты пікір білдіргенде мәлімдеді.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Гао Фэн Қытай халықаралық қатынастарда біржақты санкциялар қолдануға әрдайым қарсы екендігін айтты. «Ресей мен АҚШ өзара құрмет пен теңдік негізінде өзара қарама-қайшылықтарды ретке келтіреді деп сенеміз. Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы – тұрақты және жетілген, сыртқы факторлар оған (өзара қарым-қатынасқа -ред) әсер ете алмайды», – дейді Гао Фэн.

Бұдан өзге Гао Фэн жыл басынан бері Қытай мен Ресей арасындағы сауда деңгейі тез дамып келе жатқанын, инвестициялық салада ынтымақтастықтың нығая түскенін, стратегиялық ынтымақтастық жобалары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгенін алға тартты.

«Осы жылы екі ел Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымы 100 миллиард доллардан асады деген ниеттеміз», – дейді Гао Фэн. Оның айтуынша, Қытай тарабы Ресеймен екі жақты сауданың құрылымын жақсарту, жоғары технологиялар саласында сауда-саттықты белсенді түрде кеңейту және сауданың жаңа нысандарын дамыту үшін шаралар қабылдауға ниетті.


Осы жылдың қаңтар айының соңында АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Кеңейтілген тізімге 21 жеке тұлға мен 21 ресейлік ұйым енді.  Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қаржы министрлігі Конгресс назарына «Кремль баяндамасын» ұсынды, онда 210 кісінің есімі бар. ТАСС таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ «Кремль тізіміне» ресейлік 114 ірі шенеунік пен мемлекеттік компаниялардың басшысы, сондай-ақ 96 олигархтың есімі енгізілді. Ал сәуірдің басында Құрама штаттар Мәскеудің Башар Асад режимін қолдағаны үшін Ресейге қосымша санкциялар салмақ ниетте екендерін жеткізген еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз