Бейжің мен Лондон ынтымақтастықты нығайтпақ

0
171
дереккөзден

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй бейсенбіде телефон арқылы сөйлесу барысында халықаралық сауда, әлемдегі қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Си Цзиньпин Бейжің «Бір белдеу, бір жол» бастамасына сәйкес Лондонмен тығыз ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қызығушылық танытатынын мәлімдеді.

Сириядағы ықтимал шабуыл нақты зерттеуді қажет етеді – Си Цзиньпин

Бұдан өзге   Қытай төрағасы мен Британия премьер-министрі Сириядағы жағдайды, Думада орын алған ықтимал химиялық шабуылды талқыға салды.

Си Цзиньпиннің айтуынша, орын алған ықтимал химиялық шабуыл әділетті және нақты зерттеуді қажет етеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз