«Сәтті кездесу немесе бас тарту»

0
95

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта Солтүстік Корея басшысымен өтетін кездесуге байланысты ескерту жасады.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен баспасөз мәжілісі барысында Трамп Ким Чен Ынмен келісімсөздер өнімсіз басталған жағдайда кездесуді тастап кететінін жариялады.

Дональд Трамп: Бұл кездесу үлкен жетістікке жеткізеді деген үміттемін. Біз мұны асыға күтудеміз. Кездесудің сәтті өткені КХДР үшін де бүкіл әлем үшін де таңқаларлық жағдай болатын еді. Біз бұл кездесуді АҚШ, Оңтүстік және Солтүстік Корея немесе Жапония үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін жаһандық деңгейде табысқа жетуін қамтамасыз ету барысында барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз. Бірақ мен келіссөздерді сәтті болмайды деп шешсем, онда ол сәтті өтпейді. Ал егер мен қатысатын кездесу нәтижесіз басталса, ол кездесуді сол-сәтте тастап кетемін. Және біз бүгін жасап отырған ісімізді қайта жалғастыратын боламыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз