Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа Арменияның премьер-министрі Никол Пашиняннің әйелі Анна Акопянда қатыспақшы. Бұл туралы Анна Акопян Facebook парақшасында жариялады.
28 қазаннан бастап Анна Акопян 13 әйел адамнан тұратын әскери жасақпен соғыс жаттығуларын бастайтынын хабарлады.
“Бірнеше күннен кейін біз шекарамызды қорғауға аттанамыз. Басқалармен бірге отанымызды, намысымызды жауға таптатпаймыз”- деп жазған Анна Акопян.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың араласуымен Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Зохраб Мнацаканян мен Джейхун Байрамов 26 қазанда жергілікті сағат 08:00-ден бастап Таулы Қарабақтағы гуманитарлық бітім туралы келісімге келген болатын.