Тоқаев: Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет

0
257
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. photo: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздер туралы қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер барын, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтты.

Президент туды қолданудағы шектеулерге тоқталып, ел азаматтарының туды қолдану туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Еске салайық, жақында Қазақстан туын келемеждеген “Борат 2” фильмінің үзіндісі әлеуметтік желіде кең тараған болатын. Осыдан кейін интернетте #ментуымдымақтанетемін хэштегімен қазақстандықтар тумен түскен суретін көптеп жариялай бастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз