Министрлік: Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы дәстүрлі форматта оқиды

0
186
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы.

Қазақстан мектептерінде екінші тоқсаннан бастап 1,2 миллион оқушы дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта елдегі мектептерде жалпы 3,4 миллион оқушы білім алып жатыр. 1 тоқсанда 2,4 миллион оқушы қашықтан білім алды. Дәстүрлі форматта 953 мың оқушы оқыды. Оның ішінде 647 мыңы кезекші сынып оқушылары.

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшеді.

Болжам бойынша, 2 тоқсанда 1,2 миллион оқушы дәстүрлі форматта білім алуға көшеді. Оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сынып оқушылары. Қашықтан оқуды 2,2 миллион оқушы жалғастырады.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз