20 маусымда Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Бұл туралы Армения премьер-министрінің сайты хабарлады.
Никол Пашинян былтыр қарашада Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы Әзербайжанмен келісімге қол қойғаннан кейін елде оның отставкасын талап етушілер көбейген. Көптеген армян келісім шарттарымен келіспейді. Осы келісімнің нәтижесінде Армения Таулы Қарабақтағы біраз аумақты бақылау құқығынан айырылған және 1990 жылдары армян күштері жаулап алған жеті ауданды Әзербайжанға қайтарған.
Оппозиция Таулы Қарабақ мәселесін шешуде Пашинянның жеңіліске ұшырағанын айтса, премьердің жақтастары сәтсіздікке премьермен бірге елді соғысқа дайындамаған әскери және бұрынғы басшылары да жауапты деп санайды.
Премьер Пашинянның отставкасын елдің бұрынғы президенттері де талап еткен. Ақпан айында қарулы күштер бас штабы Пашинянды қызметінен кетуге шақырғаннан кейін Пашинян әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеген.