26 тамызда Кабул әуежайында екі жарылыс болып, жалпы 1338 адам зардап шеккен. Бұл туралы Риа Новости сайты хабарлады.
Теракт кезінде 90-нан астам ауған азаматы және 13 америкалық әскерилер қайтыс болған.
Екі жарылыстың біреуі шетелдіктер орналасқан қонақ үйде болған. Алғашқы жарылыста террорист өз-өзін жарып жіберсе, екіншісінде миналанған көлік жарылды. Одан кейін Кабулдың бірнеше жерінде тағы да жарылыстар орын алды.
Риа Новости сайтының хабарлауынша әуежайдағы жарылысты ДАИШ лаңкестік ұйымы өз мойнына алған. Ал, АҚШ президенті Джо Байден “Вилаят Хорасан” басшыларына және лаңкестік ұйымның нысандарына соққы беруге бұйрық берді. Ол шабуылға жауапты адамдар табылып, жазаланатынын да білдірді.