Ауғанстанда үш жарылыс болды

0
90
Reuters/иллюстративті сурет

Ауғанстандағы Джелалабад қаласында болған үш жарылыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 45 жараланды.

Нангахар провинциясы губернаторының өкілінің сөзінше, жарылыс крикет спорты бойынша матч өтіп жатқанда болған. Қаза тапқандардың ішінде провинция әкімінің орынбасары мен матчты ұйымдастырушы бар.

Tolo News телеарнасы таратқан ақпарға сәйкес, «Талибан»* радикалды ұйымы жарылысқа қатыстары жоқтығын мәлімдеген.

Бұған дейін 13 мамырда Джелалабадта жанкешті-лаңкес кедендік басқару ғимаратының жанында өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 20 жараланған еді. Жарылыстан кейін белгісіз біреулер ғимаратқа шабуыл жасаған.


Талибан* – 2005 жылдың 15 наурызында Жоғары соттың шешімімен Қазақстанда тыйым салынған шетелдік лаңкестік ұйым.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз