7 мың отандас шетелге тұрақты түрде қоныс аударған – Статистика комитеті

0
119
дереккөзден

Жыл басынан бері Қазақстаннан шамамен 7 мың адам шет мемлекеттерге қоныс аударған. Шетелге қоныс аударған қазақстандықтардың басым көпшілігі Ресей азаматтығын алған. Германияға шамамен 500-ге жуық отандас қоныс аударса, 60-қа жуық қазақстандық АҚШ-қа тұрақты түрде қоныс аударған. Бұл туралы статистика Комитетіне сілтеме жасай отырып, Astana TV хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігі статистика Комитеті бойынша сарапшы Қайыр Рыспаевтың сөзінше, шетелге көп қоныс аударушылар «Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан» облыстарында тіркелген.

Бұдан өзге Қазақстанға тұрақты қоныс аударушы шетелдіктер де аз емес. Шетелдіктердің басым көпшілігі елдегі ірі қалаларға көшіп келеді.

Қазақстан қалаларында тұрғындар саны артуда

Сондай-ақ Қазақстан қалаларындаға тұрғындар саны артуда. Мәселен, Алматыдағы қала тұрғындарының саны – 1 миллион 815 мың адам.

2017 жылы 37 мың адам шетелге қоныс аударған

2017 жылы 40 718 қазақстандық Ресей азаматтығын алған. 2017 жылы 37,7 мың адам Қазақстаннан шетелге қоныс аударған. Қазақстандықтардың басым көпшілігі атап айтқанда, 33,7 мың адам ТМД елдеріне қоныс аударса, басқа елдерге 4000 адам кеткен.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз