Ирактағы атыс кезінде жарақат алған АҚШ әскери қызметкерлерінің саны 50-ге жетті, деп хабарлады Пентагон өкілі Томас Кэмпбелл.
“Жаңа 16 әскери қызметкердің ми жарақаттары анықталды… Қазіргі таңда АҚШ-тың 50 әскери қызметкері бас сүйек – ми жарақатын алды”, – деді офицер.
Дональд Трамп Иранның АҚШ базаларына соққысы кезінде зардап шеккендердің болмағанын бұрын мәлімдеген болатын, алайда кейін ол жарақат алған әскери қызметкерлердің бар екенін мәлімдеді.
3 қаңтарда Бағдадта Иран генералы Касем Сулеймани АҚШ әскерінің қолынан қаза тапқан. Иранның бұған жауап ретінде Ирактағы АҚШ базаларына ракеталық соққы келтірген.