Екі америкалық компания зертханалық жағдайда ет өндіруге рұқсат алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
Америка Құрама Штаттарында зертханалық жағдайда өндірілген етті сатуға рұқсат етілді. Нәтижесінде АҚШ зертханалық етті сатуға рұқсат еткен Сингапурдан кейінгі екінші ел болды.
Екі американдық компания да тауық етін өсірумен айналысады. Ол бордақыланатын және болат контейнерлерде өсірілетін жануарлар жасушаларының үлгісінен алынады.
Upside Foods және Good Meatкомпаниялары бастапқыда зертханалық етті қымбат мейрамханаларға жеткізуге ниетті. Өндіріс көлемі артқаннан кейін мұндай ет азық-түлік дүкендеріне де жеткізіледі.