Барбадос Корольдік билігінен шығып Республика атанды

0
282
photo: profile.ru Барбадос Республикасы

30 қарашада Барбадос ресми түрде конституциялық монархия режимінен шығып республика атанды. Мемлекет бұл атақты Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алғанына 55 жыл толған күні ауыстырды. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

Мұнымен қоса ел президенті қызметіне 72 жастағы Сандра Мэйсон кірісті. Бұдан былай Ұлыбритания патшайымы Елизавета II енді Кариб теңізіндегі мемлекеттің басшысы болмайды. 

Барбадос – Ұлыбритания басқаратын Достастық құрамындағы тәуелсіз мемлекет. Республика болып жарияланғаннан кейін де одақтың құрамында қала береді. Астанасы – Бриджтаун қаласы. Барбадос, Кариб теңізінің шығыс бөлігінде орналасқан. Халқының саны шамамен 300 мыңға жуық. Барбадос елі 1966 жылы 30 қарашада тәуелсіздік алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз