Сирия президенті Башар Асад наурыздың он сегізінде Шығыс Ғұтадағы ең үлкен атыс шебіне барып Сирияның әскери жасағымен кездесті. Бұл туралы Сирия президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жергілікті БАҚ Башар Асадтың Шығыс Ғұта аумағындағы суреттерін жариялады. Суретте іскерлік костюм киген Башар Асад танкінің жанында қаруланған әскери қызметкерлермен бірге.
Айта кетейік, Сирия әскерінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Үкімет күштері Шығыс Ғұта аймағының 70%-ын лаңкестерден тазалады. Аумақта гуманитарлық үзіліс жарияланғаннан кейін, шамамен 68 мың бейбіт тұрғындар төрт күн ішінде Шығыс Ғұта аймағынан шығып үлгерді.