Өткен сенбі түрік тарабы үшін «Зәйтүн сабағы» операциясы барысында ең көп шығынға ұшыраған күн болды: зымыранның дәл түсуі салдарынан жеті әскери қызметкер, оның ішінде бесеуі – бір танкіде көз жұмды. Түрік Бас штабының мәлімдеуінше, жалпы қаза тапқан түрік әскерилерінің саны 13-ке жеткен.
Euronews таратқан ақпарға сәйкес, екі апта өтсе де Сирияның Африн аймағындағы операция бақылауға алынбады. Өмірлеріне қауіп төнгендіктен, жергілікті тұрғындар айқас алаңын тастап босуда, оның ішінде Түркияға бағыт алғандары көп. Босқындардың айтуынша, Сирияны қарсы тарап жиі бомбалаған, нәтижесінде тұрғындардың үй-жайлары мен көліктері өртеніп кеткен. Түркияға қашқан босқындар, мұнда да бомбалаудың тоқтамай жатқандығын айтады.
Ал өз кезегінде күрд өкілдері Анкараны азаматтық мақсаттағы жүйелі шабуылдары үшін айыптады. Күрдтер таратқан ақпарға сәйкес, түрік тарабының әуеден жасаған және өзге де шабуылдар кесірінен Африндегі операция барысында 150-ден аса бейбіт тұрғын жер құшты.
Бейбіт тұрғындар Африннен кету мүмкін еместігін, себебі Африн өздерінің туған жері екендерін айтады.
Бұдан өзге Францияда жергілікті күрд қоғамдастықтарының өкілдері Африндегі операцияға қарсылық танытып, көлемді наразылық акциясына шықты. Наразылық танытушылар халықаралық қоғамдастықтардың үнсіз жатқанын айыптап, Парижді НАТО бойынша одақтастарына қысым жасауға шақырды.