Сирияның Идлиб провинциясында Ресейдің Су-25 ұшағы құлатылды

0
95
РИА-Новости

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб провинциясында Ресейлік Сухой-25 (Су-25) әскери ұшағы құлатылды.

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ұшқыш «Джебхат ан-Нусра» содырлары бақылауда ұстап отырған аумаққа парашютпен секіріп үлгерген, алайда террористермен ұрыс кезінде қаза болған.

Орыс масс-медиа құралдарында ұшақтың құлаған сәтінен видео жарияланды.

«Комсомолькая правда» басылымының Сириядағы арнайы тілшісі Александр Коцтың хабарлауынша, катапульт жасаған ресейлік ұшқыш ерлікпен қаза тапқан. Мұны «Джебхат ан-Нусра» содырлары түсірген бейнелерден байқауға болады. Төменде келтірілген видеода ұшқыштың парашютпен түскеннен кейін позиция алып, содырлардан қорғануға тырысқаны байқалады. Коцтың айтуынша, қаза тапқан ұшқыштың есімі – Роман Филиппов, майор болған. Тастың артына жасырынған ұшқыш тапаншасының бір оқшантайы таусылғанша атысқан, кейін қаруы істен шыққан. Майордың жан тәсілім етер алдында айтқан соңғы сөзі: «Это вам за пацанов!» – «Бұл сендерге балалар үшін!»

Ерлан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз