Блинкен НАТО басшысымен Украина шекарасындағы мәселені талқылады

0
209
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбер. Photo: aftenposten.no

Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен Украина шекарасына жақын жерде Ресей әскерінің шоғырлануын дереу тоқтату мәселесін талқылады. 

Оқи отырыңыз: Ресей мен Украина шекарасында не болып жатыр

АҚШ-тың сыртқы саясат департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайстың мәлімдеуінше, Блинкен мен Столтенберг Ресейдің Украинамен шекара маңында және аннексияланған Қырымда әскери дайындыққа суыт көшуін тоқтату қажеттігін атап өткен.

Сонымен қатар, Блинкен мен Столтенберг Ауғанстанда бейбіт процесті дамыту мен НАТО-ның алдағы саммитімен байланысты мәселелерді талқылаған.

“Америка дауысы” сайты Энтони Блинкен мен Йенс Столтенберг кездесуінің АҚШ мемлекеттік департамент басшысының Брюссельге сапары қарсаңында өткеніне назар аударады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз