Сириядағы ДАИШ* лаңкестік ұйымының нысандарына Ирак әскери-әуе күштерінің жасаған шабуылы салдарынан аталған ұйымның 36 жауынгері қаза тапты. Бұл туралы ukrinform.ru хабарлайды.
Reuters таратқан ақпарға сәйкес, қаза тапқандардың ішінде ДАИШ* командирлері бар.
Әскери-әуе күштерінің жасаған шабуылы Сириядағы жарылғыш заттар өндіретін зертханалар мен лаңкестердің қарамағындағы өзге де нысандарға барып түскен.
Бұған дейін Ирак әскери әуе күштері Сирияның шет аймақтарындағы ДАИШ-тың қол астындағы бірқатар нысандарына шабуыл жасады деп хабарланған еді.
*ДАИШ – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.